You might interested in

  • Мәулен АЛҒАЗЫ ( @maulenalgazy ) Instagram Photo
  • @maulenalgazy Суреттерді солға сырғытыңыз, біраз ақиқат пен аңыздың куәсі боласыз. 😁

    Жауапты қызметкерлерден осындай жауап алсаңыз оның заңсыз екенін білесіз, және бас шұлғи салмай, нақты ережеден көрсетуін талап етіңіз. Өзіңіз де Ережені бір қарап шыққаныңыз жөн.

    Ереже бас бетте 42500 приказ деп сары шеңбер ішінде тұр. Астыңғы жағындағы Еще дегенді көтерсеңіз сайтқа сүйреп барады.

    ‼️ ГЦВП телефонын іздеген жандар, оның жолдары толығырақ алдыңғы жазбаларда бар.

    ‼️ Отказ кеп, ала алмай жүрген жандар, барлық ақпарат осы парақшада өткен жазбаларда бар. Барлық мүмкіндігін жазуға тырыстық.

    ‼️ Одан бөлек, қосымша сұрақтарыңыз болса телеграмда SILTEME каналында 3000 адам бір-біріне көмектесіп отыр, сол жерден сұрауға болады.

    ‼️ 3-ші төлем бола ма? дейтін жандарға - ЖОҚ, ТЖ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 3-ТӨЛЕМ ТӨЛЕНБЕЙДІ. ҮШІНШІ АЙҒА СОЗЫЛСА ҒАНА ТӨЛЕНЕР ЕДІ.

    ‼️ Direct-ке келген сұрақтарға жауап беріп үлгермей жатырмыз. Ол үшін кешірім өтінеміз! Негізі, барлық жауап жазбаларда бар деп ойлаймыз. Сондықтан, жекеге жазбастан бұрын бұрынғы посттарды да бір қарап шықсаңыз екен.

    ‼️ Егер министрге тікелей жазғыларыңыз келсе facebook-те Birzhan Nurymbetov деп шығады. Инстада вице-министр @nmukushev бар. Сол кісіге жазып көріңіздер, жауап беріп қалар.

    Былайша, барынша ақпаратпен қамти алдық деп ойлаймын. 42500 жыры әлі біткен жоқ. Жаңалықтар болса жаза жатармыз!

    🖐😀

  •  984  269  2 days ago
  • Бек Жылқыбаев ( @bek_zhylkybaev ) Instagram Photo
  • @bek_zhylkybaev Сезем мен де,
    Сенің көңіл күйіңді,
    Шешіп көрдің, шешілмейтін түйінді.
    Бар қиындық бір басыңа үйілді,
    Ауырлықты арқалауға бұйырды.
    Көтермедің көп алдында сыйыңды,
    Жүре-жүре жүрегің де күйінді.
    Қарсы шығып кездестірдің құйынды,
    Сезем мен де,
    Сенің көңіл күйіңді.

    Сезем мен де,
    Сезіміңді іштегі,
    Өзің еккен, егінің де піспеді.
    Жақындарың жамандықты істеді,
    Батты саған, барлығының тістері.
    Қуанған сәт, өтіп кеткен түс тегі,
    Қасыңдағы жанның бәрі күшті еді,
    Күн сәулесін, күткен едің, түспеді.
    Сезем мен де,
    Сезіміңді іштегі.

    Тек басқаға берді дерсің тәуірін,
    Келді дерсің қара түнек дәуірің.
    Тілегіңді қабыл етер Тәңірім,
    Не ойласақ,
    Сол болмай ма? Бауырым... (с) Бек Жылқыбаев

  •  163  4  1 week ago
  • Омар Жәлелұлы ( @omarjaleluly_official_page ) Instagram Photo
  • @omarjaleluly_official_page Тіршілікте сыйласа да, сырласа білген қайран бауырым! Елдің жүгін ер көтерер - сен нағыз Ер едің! Сені тапқан анаңнан айналайын, сені аялап өсірген Апаңнан айналайын! Абайдай әкеден туып, Әбіш сынды ұлға айналдың! Елдің қайғысын, мұңын қайыспай көтерген қатепті қара нарым! Ел жыласа жылап, мұңын бөлісіп, жығылғанын тұрғызып, қисайғанын түзетіп, жылағанын жұбатып, көз жасын сүрттің. Елдің қайғысы ішіңе түсіп кетті. Ер Мамайдың алдында шаһид кештім, өкінбен!.. деп бабаң Доспамбет жырау жырлағандай, сен Қазақ елінің алдында Шаһид кештің, өкінбей өттің! Талайды көрген, он төрт тоймастың бірі, піл сауырлы қара жер тәніңді жұтқанмен, ғазиз жаныңды жұта алмас! Қош бол, қайран Бейсекем, бақұл бол бауырым! Барша қазақ жұртына , туған-туыс, ет жақын ағайынға қабырғам қайысып көңіл айтамын! Тіршілікте жұбымыз жазылмаушы еді, Ғани бауырым, қабырғаң ойсырап қалды ғой, қайтейін енді! Бейсекеңе шын жанашыр, ақылшы, кеңесші ағасы едің, бауырымыздың ақыреттік сапары оң болсын! Жолдасы Қыдыр болсын! Жаны жұмақтың төрінде болсын!

  •  8869  767  1 week ago